"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мерекелер

Тақырыбы: « Отаным- кең далам»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
Тәрбиелік:Балаларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация,бейне слайдтар, музыка, шаңырақ, қамшы.

 Билингвалды компонент: Отан- Родина-Motherland, Менің Отаным-  Қазақстан- Моя Родина Казахстан, бақыт- счастье, ту- флаг- Flag , елтаңба- герб- anthem,әнұран- гимн- blazon,  елбасы- президент.

«Жаса, жаса қазақ тілім» музыкасы , балалар топқа кіреді 

Шаттық шеңбер  тұрады

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық,

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.

  • Қайырлы таң, көк аспан!
  • Қайырлы таң, жер ана!
  • Қайырлы таң, алтын күн!
  • Қайырлы таң, балалар!
  • Қайырлы таң, мұғалім!

 

  • Қалдарың қалай?

Балалар: Жақсы, тамаша, керемет.

  • Ендеше, сендер күн сайын қайда келесіңдер?
  • Мен балабақшаға барамын.
  • Балабақшада сен ойнайсын ба?
  • Мен балабақшада ойнаймын.
  • Балабақшада сен ұйықтайсын ба?
  • Балабақшада мен ұйықтаймын.
  • Балабақшада сен тамақ ішесің бе?
  • Балабақшада мен тамақ ішемін.

Ал, ...... сенің досың бар ма?

  • Менің досым бар.?

..... , сенің досың көп пе?

  • Менің досым көп.

Мұғ.: Керемет, балалар мынау не?  (шаңырақ көрсетіледі)

  • Мынау- шаңырақ.
  • « Бір - біріңді бағалар
    Дос болыңдар балалар» - , демекші мынау шаңырақ астында әрқайсымыз досымызды айтайық.
  • Балалар: Менің досым- ......  
  •  Сенің досың ақылды ма?
  • Менің досым ақылды.
  • Сенің досың мықты ма?
  • Менің досым мықты.
  • Дос болайық.
  • Орындықтарымызға жайғасамыз.

Балалар мына бейнетаспаға назар аударайық

Тапсырма: «Жыл мезгілдері» туралы

№1 Видеослад «Қазақстан»

№2 презентация  « Отан- Родина-  ..... »

  •   Отан дегеніміз не?
  • Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан- ана, Отан үлкен

Қазақстан туған жер.

  • Біздің Отанымыз қалай аталады?
  • Менің Отаным-  Қазақстан.
  • Қазақстан- көпұлтты мемлекет.
  • Елбасы кім?
  • Елорда қай қала?
  • Астана қандай қала?
  • Мемлекеттік тіл қай тіл?
  • Қазақстан рәміздерін кім атайды?

Суреттермен жұмыс

  • Ту, елтаңба, гимн.
  • Тудың түсі қандай?
  • Туда не бейнеленген?
  • Елтаңбада не бейнеленген?
  • Гимн- салтанатты ән.                                                                                       

Мұғ.: -Дұрыс,  мемлекеттік рәміздер:  елтаңба, ту,  гимн. 

 Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  

Көрініс «Рәміздер айтысы»

  • Мен мықтымын, мен мықтымын деп шуылдап ортаға шығады.
  • Бір күні үш дос бір бірімен мен ең мықтымын деп дауласады екен.

Ту айтты:

Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда,  мереке — тойларда төрден орын алатын менмін

Елтаңба болса, былай дейді:  

Әрине, ең мықты менмін. Барлық мекеменің  маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша, бағалы қағаздарда боламын.

Сонда әнұран сөзге араласты:   

Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.  Үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін,  мен аяқтаймын.Мені  адамдар  тік тұрып тыңдайды.

  • Босқа дауласпаңдар. Үшеуін де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір- қасиеті болмайды.

Ешкім ол елді құрметтемейді.

Дұрыс па , балалар.

  • Дұрыс
  • Керемет, ал енді,   бойымызды сергітіп алайық.

№3 «Қызыл гүлім » сергіту сәті

          № 4 Видео «Мен Отанды сүйемін»

Сұрақтар: Отан- ол не?

Балалар:

  • Отан- ол туған жер
  • Отан- ол ата- анаң   
  • Отан- ол бауырың, досың  
  • Отан- ол туған елің  
  • Отан – ол туып өскен жерің.  
  • Отан ол өз үйің  
  • Балалар отан, ел туралы көп мақал мәтелдер бар. Олай болса , мына сызба бойынша    мақал- мәтелдерді айтайық.  
  • Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
  • Ата- бәйтерек, бала- жапырақ.
  • Тіл- көңілдің кілті.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Отан отбасынан басталады.
  • Қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер білесіңдер?
  • Арқан тарту, теңге алу, асық, тақия, орамал кетті, қамшы

Мұғ.: Ендеше, «қамшы» ойының ойнайық.

№ 5 Ойын « Қамшы»

Шарты:  тақпақтар, ұлттық аспап  , ұлттық киім түрлерін  атайды.

Есік қаққан дыбыс

Көрініс: «Бақыт деген не?» «Детство» музыка ойнайды

 

  Сырттан ата кіреді.

Балалар бұл кім?

Бала:  Ата.

  • Ата, сәлеметсіз бе, төрлетіңіз.

Ата: - Рахмет.

Бала-  : -Айтшы, білсең егерде,

Ата, бақыт не?

Ата-  : - Бақыт деген, шырағым,

Мына әсем тұрағың.

Ну ормандар,

Гүл бағы,

Күннің күліп тұрғаны.

Бақыт- дәні даланың,

Алақаны анаңның.

«Ботам» деуі әжеңнің,

Тыныштығы әлемнің!

Бала- : - Қайда бақыт мекені,

Қалай оған жетеді?

Ата-  : Адал еңбек етесің!

Сонда ғана жетесің!

-Көрінбейтін көзіңе?!

Бақыт деген, сөзім шын-

Айналайын,  өзіңсің!

 

Мұғ.:  Әрине, атамыз дұрыс айтады.  Отанымыздың тыныштығы, балалардың амандығы.

№6  Видео слайд

Ендеше, бәріміз дос болайық,

  • Аман болайық!
  • Еліміз тыныш болсын!
  • Аспанымыз ашық болсын!
  • балалар , сендерге бүгінгі  сабақ ұнады ма. Ұнаса бас бармағымызды жоғары, ұнамаса төмен көрсетеміз. Жарайсыңдар. Сау болыңдар.

 

Жаңартылған күні: 05.04.2019 12:49
Құрылған күні: 05.04.2019 12:49

Текст