"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отан- алтын бесік

ОТАН - АЛТЫН  ҰЯМ

Мақсаты.

  • Ұсынылған үнтаспа  арқылы  тақырыпты болжайды.  
  • Көрнекі суреттер  арқылы өз ойларын жеткізе алады.
  • Сызба арқылы мақал- мәтелдер, сөйлем құрастырады.
  • Сөздерді орынды  қолданып, тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.

Сөздік жұмыс:  Қазақстан, Отан, туған жер,өлке, табиғат, бай, тамаша

Билингвалды компонент: Отан - Родина, табиғат - природа, туған - родной

Жабдықтар. Тақырыптық суреттер, слайд, музыка, сызбалар

 

Қызметтің кезеңдері

              

Мұғалімнің іс - әрекеті

  

 Балалардың  іс - әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсатты түрткі болғыш

 

 

Шаттық  шеңбер

(Топта  ынтымақтастық атмосфера  қалыптасады)

Қар ұлпаны кез келген балаға бере отырып   сұрақтар қойылады.

  • Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
  • Қазір қандай жыл мезгілі?
  • Қыста ауа райықандай?
  • Қыста не жауады?
  • Балалар қардан не жасайды?
  • Балалар немен ойнайды?
  • Балалар не тебеді, немен сырғанайды 

Балалар «Қыс» туралы  жұмбақтар жасырады?

 

 

Топқа бөлу: Тірі  және өлі табиғатқа  жататын суреттер арқылы екі топқа бөлінеді.

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Бүгінгі жарысымызды бастайық.

 

 

 

 

 

 

 

Шана зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?                  /қыс/

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады                 /қар/

Қолы жоқ сурет салады

Ұстасаң қолы тонады .                /аяз/ 

Қанаты жоқ, ұшады,

Аяғы жоқ, жетеді.

Аузы жоқ, ұлиды.   /Боран/                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздестіру- ұйымдастыру

 

 

 

Балалар, менің электронды поштама бейнехат  келіпті. Көрейікші.

 «Даша-саяхатшы»  м/ф үзінді

Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Мен   өте алыс жерде тұрамын және сендердің  елдеріңде  ешқашан болған емеспін. Елдерің  қалай аталады? Естуімше,   үлкен, бай, табиғаты әдемі. Ормандар, таулар, көлдер, өзендер, теңіздер бар.   Елдерің  туралы көп білгім келеді, маған  көмектесіңдер ме? Мен саяхатты  жақсы  көремін, бірақ әлі кішкентаймын, сондықтан  сендерге картаны   пошта арқылы жіберемін. Ал мен сендерді онлайн көремін.

  • Сонымен , Дашаға көмектесеміз бе?

Дашаның беріп жіберген картасы

Сурет  бойынша жұмыс:

Отан деген не?

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Елорда қай қала?

Елбасы кім?

Қазақстан рәміздері?

Тудың түсі қандай?

Қазақстан қандай мемлекет?

Мемлекеттік тіл қай тіл?

Қазақстанда нелер бар?

Сергіту сәті(денсаулық сақтау технологиясы қимыл – қозғалыс жасау):

Отан туралы  қай топ көп мақал- мәтел айтып береді?

Сызба бойынша  сөйлем құрастыру

 

Дидактикалық ойын: «Қайсысы қайда тұрады?»

  • Суреттерді дұрыс құрастырады, әңгімелейді, сұрақтарға жауап айтады
  • Табиғатты қорғау үшін не істеу керектігін айтады
  • Тапсырманы орындайды, суреттерді сәйкестіреді
  • Көңіл – күйін көрсетеді, өз ойларын айтады.

Тақпақ жаттау

«Сиқырлы қоржын» әдісі

Берілген сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар. Сөз тіркестерді айтып беріңдер.

Сөз

Сөз тіркестері

қар

ақ

суық

жұмсақ

Мұқият  тыңдап, Дашаға көмектесуге келіседі

 

 

 

 

Сұрақтарды түсініп,  жауап айтады

 

Хормен өлең жолдарын балалар  қимыл қозғалысымен қайталайды

Шаршамаймыз ешқашада

Дем аламыз бой жазып.

Жүгіреміз, секіреміз

Көңілденіп ән салып.

Қызығушылықпен

 іс- қимылды орындайды

«Отан- алтын бесік»

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»

«Отан отбасынан басталады»

Мен Отанды жақсы көремін.

 Ойынды белсенді ойнайды

 

 

 

 

 

Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

 

Сөз тіркестерін құрастырады

 

 

 

 

 

 

Рефлексті-  дәлелдеу 

 

 Дашадан бейне қоңырау:

Мен сондай қуаныштымын, Қазақстанның табиғаты туралы көп білдім.  Балалар рахмет! Ал, сондықтан сендерге  гүлдер сыйлаймын.

 

  • Бүгін біз кімге көмектестік ?
  • Не туралы айттық ?

Өз ойларын  «Бағдаршам »

 

Жылы тілектер айта отырып қоштасады

 

 

 

 

Төмен

Орташа

Жоғары

 

 

 

 

  •  
  • Аспан ашық болсын!
  • Деніміз сау болсын!
  • Аман болайық!
  • Дос болайық!

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:   табиғат туралы айта алады

Түсінеді:  табиғатты қорғау керектігін

Қолданады: сұрақтарға жауап бере білуге, сызба , сурет арқылы сөз тіркестерін,  сөйлем құрастырауға дағдыланады

Жаңартылған күні: 22.02.2023 12:56
Құрылған күні: 22.02.2023 12:59

Текст