"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана - аса қымбатты жан!» атты ертеңгілік

«Ана - аса қымбатты жан!» атты ертеңгілік

ІІ кіші топ

Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.

Жүргізуші:

Күн көзіне қол былғап,

Мерекені бастайық,

Сіздерге ән орындап,

Сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіздер ме!

Балалар, қараңдаршы залымыз қандай тамаша етіп сәндеген. Яғни бүгін аналарымыздың мерекесінің келгені. Сендер де сәнді киініп алғансыңдар және аналарың да әдемі болып сәнді киінген. Қане, аналарымызға өлең-тақпақтар және сүйікті әндер айтып құттықтайық.

Балалар аналарға арналған тақпақтарын айтады.

 

Ханшайым:

Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын,

Мәпелейді анашым!

Әлтаир:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

Ерасыл:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Айша:

Аспандағы айымсың,

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

Димаш:

Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Елнұр:

Таң қалғандай ғалам,

Кім сұлу адам

Анам менің сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

 

Ән: «Мерекенмең анашым»

Жүргізуші:

Балалар,  біздің бүгінгі күніміз өте жақсы өтіп жатыр .

 Көңілді әуен ойналады.Залға көңілді Сайқымазақ  Клепа кіреді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме балақайлар! Мені таныдыңдарма кішкентайларым! Мен-Сайқымазақ Клепамын. Сендердің залдарың қандай әдемі! Сендер қалай сәндісіңдер!Апа-әжелерің де, аналарыңда келіпті жақсы екен. Бантиктеріңді киіп келіпсіңдер.

Жүргізуші: Клепа келгенің үшін көп рақмет. Бүгін бізде аналардың мерекесі, сонымен қатар балалар бантиктер тағып келіпті. Біз оларды санап-санап санына жете алмадық, мүмкін сен бізге көмектесерсің?

 Сайқымазақ: ( басын тырнап)

Қанша бантик дейсіңдер ме? Қанша... (саусағымен санайды)

Жүргізуші: Не санай алдың ба?

Сайқымазақ: Санадым!

Жүргізуші: Қанша екен?

Сайқымазақ: Көп-көп! Және тағы біреуі менде. Міне! Қараңдаршы! Ол бәріненде жақсы, сондай әдем. (Өзінің мойынындағы бантикті көрсетеді) Оны маған менің сүйікті анам сыйлаған.

Жүргізуші: Клепа, Рақмет саған санадым дейді ғой! Сен анаңды қатты жақсы көреді екенсің, түріңнен көрініп тұр. Балалар, қане Клепаның анасына және біздің аналарымызға тақпақ айтып берейік.

 

Егор:

 Анаң  болса  қасыңда,

Басқа  бақыт  не керек?

Нұрай: 

Мен  анамды  сүйемін,

Құшағына  енемін.

Алихан:

 Боташым  дер саған,

Кім сүйікті  адам,

Ол менің  анам.

Шамиль:

Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!

 

Сезім:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Тамержан:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Клепа: Мен барлығымен достасқанды жақсы көремін,

Бәрімен достықта өмір сүргенді жақсы көремін!

Ешқашан көңілімізді түсірмей, шығайықшы билеуге!

Би: «Қоңырау»

Сайқымазақ: Ал кішкентайларым менің, енді мен сендердің аналарыңмен ойын ойнайын!

Ойын: «Орындық»

Музыка әуені ойналады, залға Көктем келеді.

Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар. Мен Көктем ханшайымымын. Сендерге сыйымды алып қонаққа келдім. Қандай әдемісіңдер. Сендер аналарың мен әжелеріңе арнап тақпақ білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.

Тақпақтар:

Танзиля:

Анам менің «Күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

Бахтияр:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Айзере:

Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім,

Қартаймашы анашым.

Даниал:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа сүйер панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

Көктем:

Қандай тамаша, ал менімен ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Гүлдерді жинау»

Жүргізуші: Клепа, Көктем ханшайымы сіздер білесіздер ме, біздің қыздар әдемі бантик тағып келіпті. Міне, қараңыздаршы, олар қандай бантиктерді тағып келген.

Клепа: Ой,ой...менде бұндай бантик жоқ!

Жүргізуші: Ал біздің қыздарда бар, саған бұндай бантик керек емес, өйткені бұндай бантиктерді тек қана қыздар тағады. Ал білесіңдер ме біздің аналарымыз көздерін жұмып тұрып өз қыздарын бантиктері арқылы тауып ала алады.

Клепа: Жұмылған көзбен бе?

Олай мүмкін емес!

Жүргізуші: Сен өзің қара!

Көктем: Дұрыс айтасыз, аналар өз балаларын сезеді.

Ойын: «Өз қызыңды бантик арқылы тауап ал!»

Жүргізуші: Бүгін қалай көңілді болып жатыр, аналарымызда, балаларда жақсы көңіл көтеріп жатыр. Қазір біздің қуыршақтарымыз сіздерге  би билеп  береді

 

 

 

Би: «Құртақандар»

Көктем: Қалай жақсы билейсіңдер.

Жүргізуші:

Наурыз сегі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі

Тақпақтар:

Алижан:

Ақ сүт берген балаңа

Күш-жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған.

Айдын:

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

Кристина:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

Ахмади:

Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін.

Би: «Анашым»

Көктем: Қандай өнерлі екенсіңдер, менің кететін уақытым болды. Сендерге сыйымды табыс етейін. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңыз!

 

Клепа: Біздің балалардың аналары қандай көңілді. Бірге ән айтайықшы.

Ән: «Құттықтаймын мама»

Жүргізуші: Ал, біздің балалардың аналарына арнайы сыйлықтары бар.

 

Жүргізуші: Ән айттық, би биледік, келген қонақтардың көңілін көтердік, енді қоштасатын кезде келді.

Клепа: Қалай қоштасасың?Менің де сыйлығым бар.Мен сендердің мерекелеріңе шарлар әкелдім ғой. Сыйлығымды берейін.

 

Жүргізуші: Ал енді құттықтау сөзін ардақты да аяулы әжелеріміз, аналарымызға береміз.

Біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сау болыңыздар!

 

 


Текст