"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тәуелсіздік көк байрағы» зияткерлік ойын

  Қазақ тілі мұғалімі: Абдульманова А.Т.

№3 «Веселые человечки» мектепалды даярлық тобы

Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)

Осы тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін біз қандай болуымыз керек:

1.бала: Т – тәртіпті

2.бала: Ә - әдепті

3.бала: У – ұқыпты

4.бала: Е - еркін

5.бала: Л – лайық

6.бала: С – сауатты

7.бала: І – ілтипатты

8.бала: З – зерделі

9.бала: Д – дарынды

10.бала: І – ізетті

11.бала: К – кішіпейіл

яғни осындай жақсы қасиетке ие болуымыз керек.

Тақпақтар айту.

«Тәуелсіздік ақ таңы» Автор: Нұрмұханбет Фариза

Күнім нұрлы, түнім жарық

Асыл мамық жастандық.

Жүрек жылы, ойым анық

Рахмет, саған, Бостандық!

Көзім ашық, санам жарқын,

Болашаққа сертім нық.

Алшаң бассам, білем парқын,

Қадірлеймін, Еркіндік!

«Тәуелсіз елім» Автор: Қайрат Әлімқұлов

Тәуелсіздік- тартуы ол тәңірдің,

Тәуелсіздік- маңдайдағы бағым бұл.

Тәуелсіздік- сыбағасы халқымның,

Тәуелсіздік- таймайтұғын тағым бұл.

Тәуелсіздік- бабам берген аманат.

Тәуелсіздік- келешектің кепілі.

Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,

Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.

Тәуелсіздік- тәубе екен бүгінде.

Тәуелсідік- тәубе сенің барыңа,

Тәуелсіздік – әр сәбидің үніңде

Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!

«Отан»  Автор: Мұқағали Мақатаев

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. 

1- тапсырма «Түрлі – түрлі  сұрақтар алаңы»

 Балалар біздің қай мемлекетте тұрамыз?

Мен Қазақстанда тұрамын.

Елбасымыз кім?

 Елбасы Қасым –Жомарт Тоқаев.

Қазақстан мемлекетінің рәміздерін  атаңдар.

Ту, елтаңба, әнұран.

Қазақстан қандай мемлекет ?

Егеменді,тәуелсіз, көпұлтты  мемлекет.

Елорда   қай қала?

Елорда- Астана қаласы.

Ал, Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б

 2- тапсырма «Рәміздерім- мақтанышым айдары»

 Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?

  • Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
  • Тудың түсі қандай?  Тудың түсі көгілдір.
  • Туда не бейнеленген? Туда ою, күн,  қыран құс бейнеленген.

3- тапсырма  «Қызыл тілім сайра»

Тақпақтар мәнерлеп айту.

Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер

Отан- ана, отан үлкен,

Қазақстан- туған жер! 

  

Бұлт шалмасын күнімді,

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау туымды,

Қасиетті борышым.

 

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған,

Бақытты өмір сүреміз.

 

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

 

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

 

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп тұр,

Жылдарымыз жайдары.

 

Ойын: «Шаңырақ көтеру»

Мақсаты: Қай топ бірінші болып шаңырақ көтереді. Сол топ жеңімпаз атанады. Жеңілген топ тапсырмаларға жауап айтады.

4- тапсырма «Мақал- мәтелдерді жалғастыр...»

Отан- алтын (бесік)

Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)

Отан – оттан да (ыстық)

Отан- (отбасынан) басталады

Ағаш тамырымен, адам (Отанымен) көрікті

Қорытынды. Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын.  Мереке құтты болсын!

Тілектер: Аспанымыз ашық болсын!

Елімізі тыныш болсын!

Деніміз сау болсын!

Аман болайық, дос болайық!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 13.12.2022 11:57
Құрылған күні: 13.12.2022 11:57

Текст