"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

 "Почемучки" мектепалды даярлық  тобы

                                                       Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова

Күні: 08. 09. 2021 ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тарау:« Қазақ тілі»

Тақырыбы:  «Тілім барда айтылар сыр ойдағы»

Мақсаты:  Отан туралы алған білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  • Балаларға тілдер мерекесі , ҚР Президенті, рәміздер  туралы   туралы түсінік беру.    Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
  • Сөздік қорларын молайту, ой- өрісін дамыту.
  • Отансүйгіштікке , егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерімен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:  Қазақстан, Отан, туған жер, гүлдене бер, туған өлке, менің

Билингвалды компонент:    Отан- Родина, елбасы- президент, елорда- столица,  рәміздер- символика, тіл- язык, ұлт- нация

Жабдықтар: Тақырыптық суреттер, слайд, музыка, сызбалар Президент,ту, елтаңба, әнұран,

Сөздік жұмыс: Тәуелсіз мемлекет, көпұлтты, қазақ тілі, ел, жер

 

Іс - әрекет кезеңі

Мұғалімнің  іс- әрекеті

Балалардың қызметі

Мотивациялық талаптану

 Шаттық шеңбер

 

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
 

 Қуан, шаттан

Қуан , шаттан

Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы таң,

Қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін!

Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Ұйымдастырушылық

ізденушілік

  Ғажайып сәт
Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
-Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?
-Ия, көмектесеміз.
-ҚР Елбасы кім?
-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақ тілі
  Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.
Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

 Суретпен жұмыс:

Бұл не? Тудың түсі  неге ұқсайды?

«Қазақстан байрағы» 

Мынау ҚР мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбада не бейнеленгенін қараңдар.

Сергіту сәті: Құс болып ұшамыз,

Кеңге қанат жайамыз

Бір –отырып, бір тұрып

Бұталарға қонамыз.

Жаттау

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,              

Отан – үлкен          

Қазақстан – туған ел!

Дидактикалық ойын:

«Туған қалаға саяхат»

Сызба бойынша мақал-мәтелді жаттау жаттау

«Тіл- көңілдің кілті»

«Өнер алды — қызыл тіл»

Сұрақтарға жауап айтады.  

-Қазақстан Республикасында  

-Нұсұлтан қаласы

 - әрине 

 

 

 

 

- Қ.Тоқаев

 -Қазақ тілі

 

 

 

 Тудың түсі көгілдір . Ортасында қыран құс, күн бейнеленген  .   Шетінде  ою-өрнек   бейнеленген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында шаңырақ, уықтар шаншылған. Жоғарғы жағында  жұлдыз . Қанатты қос тұлпар қазақтың аңыз ертегісінен алынған.   «Қазақстан» деген сөз еліміздің әлемге танымал екендігін білдіреді.

-Әлемде басқа мемлекеттер мен жерлер бар, бірақ адамда Отан – біреу. Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Рефлексивті түзету

 

Балалар, әңұран, ту, елтаңба ҚР мемлекеттік  рәміздері.  Үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, әңұран орындалады. Туды ең сыйлы адам ұстайды.  

 

Балалар әнұранды орындайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

Ұғынады: Тіл- халық қазынасының мағынасын.

 

Түсінеді: Қазақ тілі мемлекеттік тіл екендігін.

 

Қолданады: Қазақ тілінде сөйлеседі.

 

 

Жаңартылған күні: 21.09.2021 12:47
Құрылған күні: 21.09.2021 12:47

Текст