"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіз елім

"Тәуелсіз елім" атты мәнерлеп оқу сайысы

№3 «Ертөстік» балабақшасы»МКҚК

Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі Абдульманова А.Т.

Қатысқан топ балалары: 1,2,5

Күні:14.12.2020

Мақсатыегеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерін, елін сүюге,

Отанын қорғай білуге тәрбиелеу, балалардың тілін дамытып , сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін нығайту.

Құрметті  бүлдіршендер сіздерді еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.

Бала біткен дос бауыр,

Болмасын еш тосқауыл - деп ортаға сайысқа қатысатын бүлдіршіндерді шақырамыз.( Залға музыка әуенімен кірген балалар еліміздің Әнұранын орындайды).

-Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болайық.

 ( Әділқазылар алқасы таныстырылады)

Кіріспе

-Қазақстан Республикасының  гимні.

 Жүргізуші

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

-Тәуелсіздік-ел тұгыры атты, тәуелсіздік  күніне  арналған   мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

 Тәуелсіздік текке бізге келмеген
Талай бабам қанын төгіп терлеген
Сонда дағы қасиетті қазағым
Төл байрағын дұшпанына бермеген
Бабалардың ғасыр бойы арманы.
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр көк байрағы қазақтың
Егеменді-тәуелсіздік алғалы.

Ән: «Отанның жас өркені»

  1. Бала : «Өз Астанам –Өз Ордам» (Несіп Айтұлы)

Жасыл желек оранған,

Әрбір көшең көк орман.

Сенде түлеп, сенде өскен

Жас ұрпақта жоқ арман.

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді кең дала.

Өз Астанам – Өз Ордам

Сүйенерім сен маған!

Асқақтай бер, Астанам,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін,

Өз қолыңмен аш маған!

2-бала: « Туған өлке» (Өтебай Тұрмажанов)

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем.

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем

3-бала: « Тәуелсіздік» (Гаухар Әбдірасылқызы)

Тәуелсіздік ұранамыз,

Біз келешек ұланымыз.

Көкке ұшар әсем шарлар,

Біз қазақтың қыранымыз.

Мәңгі, мәңгі, мәңгі айтылар,

Біз халықтың жыр әніміз.

Астанадай қаласы бар,

Болашақтың сыр, сәніміз.

Әркез жанып, таусылмайтын,

Біз Отанның шырағымыз.

Талмайтұғын қос қанатты,

Ата-баба пырағымыз.

Хор: «Елімнің ертеңгі иесі»

Жүргізуші:

Жарқыраған айдайсың,

Күлімдеген күндейсің.

Ор киіктей ойнақтап,

Кім бар екен билейтін?- деп ортаға жанкүйер бишілерімізді шақырамыз.

Би: «Қамшы»

4-бала: Отан (Ермек Өтетілеуов)

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз,

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәрімізде,

Туып өмір сүреміз.

5-бала: «Отан» (Ермек Өтетілеуов)

Отанды әркім анасындай,

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай,

Бізді асырап қорғайды.

Отан деген -атамекен,

Отан деген -туған жер.

Хор: «Елімнің ертеңгі иесі»

6-бала: Отан (Бүркіт Ысқақов)

Отан сенің ата-анаң,

Отан досың, бауырың.

Отан өлкең, астанаң

Отан аудан, ауылың.

Отан –тарих, Отан тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан-өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Жүргізуші:

Отан – сөнбес күніміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан- ортақ үйіміз,

Отан ән мен күйіміз. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.Әділқазылар алқасының шешімімен,   «Жас өнерпаз»,   «Балабақша мақтанышы»,  «Белсенді бүлдіршін», «Көркемсөз шебері», «Тәуелсіз елдің бүлдіршіні», «Жас талант» номинациялары бойынша марапатталып, мақтау қағаз бен сыйлықтарға ие болады.

Жүргізуші: Бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз. Тәуелсіздіктің тұғыры биік, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!

 

 

Жаңартылған күні: 05.01.2021 14:17
Құрылған күні: 05.01.2021 14:17

Текст