"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Жаңа жыл!

«Қош  келдің, Жаңа жыл»  атты ертеңгілік

2 кіші топ

Музыка  әуенімен  балалар  залға  кіреді.

Жүргізуші:  Балақайлар, алақайлар,

                      Жаңа  жылға  қош  келдіңдер.

                      Жер  жүзінде  бұл  мереке,

                      Тойланады  баршамен.

                      Бізде  шетте  қалмайық,

                      Мерекені   тойлайық.

Жүргізуші:  Құрметті  қонақтар  және  ата-аналар! Бүгінгі «Қош  келдің  Жаңа жыл» атты  мерекемізге қош келіпсіздер! Келе  жатқан жаңа «Тышқан» жылы  барлығымызға жаңа бақыт, жаңа  табыстар және  отбасымызға молшылық  алып  келсін.Мереке  құтты  болсын ата-аналар!Мерекемізді  бастайық. Тақпақтармен  бастаймыз.

Әлтаир:  Жылдың  әнін  бастайын,

                 Аяз  Ата  кеп  қалды.

                 Майысады  жас  қайың,

                 Көтере  алмай  көп  қарды.   

Нұрай:   Бақша  іші  мереке,

                Ойын   күлкі  асқақ  ән,

                Жақсы  әпкелер  жаңа  кеп,

                Мерекені  бастаған.

Танзиля:  Безендіріп   шыршаны,

                 Жыл  қуантты  баршаны,

                  Той-маскарад басталды,

                  Аяз  оны  басқарды. 

Алижан:  Аппақ   тонға   оранып,

                  Базарлықты  мол  алып,

                  Келді  алыс  сапардан,

                  Аяз ата  оралып.  

Тамиржан: Аяз ата, ақ ата,

                     Аузы-мұрны жоқ ата!

                    Аяз ата келіп тұр,

                    Бізге сыйлық беріп тұр.

Айдын:   О, алақай, Аяз ата,

                 Келе жтыр алыстан!

                 Кел билейік үйренейік,

                Ол келгенше жаңа жыл

                  Құтты болсын, құтты болсын,

                  Құтты болсын жаңа жыл!

Адина:   Кел балақай шырша дайын,

                Қол ұстасып ән салайық.

               Жаңа жылдың жарқын айын,

              Әнмен, бимен қарсы алайық.

Назым:  Жасыл желен жамылған,

                Асыл моншақ тағылған.

                Міне сұлу шыршамыз.

                Көптен күтіп сағынған.

Егор:   Тауда туып,

             Тауда өсіп

            Шырша келді ортаға.

 Жүргізуші:  Ой  балалар  мен бір дыбыс естідім,бізге  біреулер  келе  жатқан  сияқты.Қане   көңілдірек  отырып, қол  соғайық.Сонда  олар  бізді  тез тауып  алсын.

Музыка  әуенімен  залға  Ақшақар  келеді.

Ақшақар: Сәлеметсіздерме  балалар, мында  көп балалар екен.Ұлдарда  бар, қыздарда  бар. Салеметсіздер ме қонақтар, балалар!  Жаңа жыл мерекелеріңмен! Мен  Ақшақармын.Аяз атаның  немересімін.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Ақшақар! Біз  сені  көргенімізге  өте  қуаныштымыз.Аяз атамыз  қайда? Ол сенімен  бірге  келдіме? Аяз  ата  әлі  келген жоқ.

Ақшақар: Жолда   адасып  кетті ме екен?

Жүргізуші: Балалар  қане  барлығымыз  Аяз ата деп  шақырайық.

Балалар: Аяз ата,Аяз ата деп  шақырады.

Аққала: (Есіктің сыртында тұрып)

Мен мындамын, мен мындамын!( деген сөз естіледі.)

Акшакар: шыршаның айналасын қарап шығады.

Қайдасың?

Аққала: Мен мындамын.

Ақшақар шыршаның басқа жағын қарайды.

Қайдасың?

Ақшақар: Сен қайдасың?

Аққала:( басқа жағынан) Мен мындамын.

Акшакар:Балалар мынау кім? Мынау не?

Балалар: Бұл Аққала ғой.

Аққала: Тұра тұр, Ақшақар, мен мындамын! Мен Аққаламын!

Ақшақар: Жоқ, мүмкін сен Аққала емес шығарсың?

Аққала: Қалай, мен Аққаламын?

Міне, мен аппақпын!

Ақшақар: Қоян да аппақ!

Аққала: Ал менде сыпырғышым бар.

Ақшақар: Жалмауыз кемпірде де сыпырғыш бар.

Аққала: Ал былай ұқсаймын ба? (Аққала өз суретін көрсетеді)

Ақшақар жылынады.

Ақшақар: Ой, сен ұқсайсын! Сен біздің балалармен билеші!

Балалардың көңілін көтерші.

(Музыка ойнайды, Аққала билейді)

Би: «Аққала» (ұлдар)

Аққала: Балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер! Қуанғанымнан мен ери  бастаған сияқтымын.

(Аққала отырады)

Жүргізуші: (Шошып)

 Балалар қаттырақ үрлеңдер, суық болсын!

Аққала: Еріп барамын, еріп барамын.Көмектесіңдер!

Жүргізуші: Балалар үрлеңдер.

Аққалаға үрлейді.

Ақшақар: Не болды саған Аққала? Сен ауырып қалған жоқсың ба?

Аққала: Үрлеңдер, жақсы болдым енді.

Ақшақар: Сен бізді қатты қорқыттың!

Аққала: Менің  жай ойнағаным ғой!

Ақшақар: Ойнадың! Сен қусың! Қане, бізбен бірге ойна!

Аққала: Мен келісемін!

Жүргізуші: Аққаламен бірге ойын ойнаймыз.

Ойын: «Аққала жинау»

Аққала: Мен сияқты аққала жинап беріңдерші. Ал, қане бастайық!

Ақшақар: Балалар, Аяз ата қайда екен, шақырып көрейік.

Жүргізуші: Балалар  қане  барлығымыз  Аяз ата деп  шақырайық.

Балалар: Аяз ата,Аяз ата деп  шақырады.

Музыка  әуенімен  Аяз  ата залға  кіріп  келеді.

Аяз  ата; Қымбатты  балаларым, міне  мен сендерге  алыстан  келіп  жеттім. Жол  жүру  оңай  болған  жоқ.Сендерді  көргеніме  өте  қуаныштымын.Сендерді   көрмегелі  1 жыл  өтіпті.Жаңа  жыл  мерекелеріңмен құттықтаймын.

Аяз  ата: Ой  қандай  әдемі, керемет  шырша! Ойыншықтары да  әдемі,көрікті  екен.Балалар  сендерге  шырша  ұнайды  ма?

Балалар:  Иә.

Жүргізуші: Біздің  шырша  өте  керемет, сұлу  және  әдемі! Шыршамыздың шамдары жарқыраса,одан да керемет  болушы  еді.

Аяз  ата:    «Қуант  бізді, таңырқат,

                     Шамдарыңды  жарқырат.

Жүргізуші: Ал, енді балалар Аяз атамен бірге шыршамызға арнап ән айтайық.

Ән: «Шырша»

Жүргізуші:   Балалар шыршамыздың  шамдарын да жағып  алдық. Ал ендеше Аяз ата, Ақшақар  алыс жол жүріп шаршаған боларсыздар  отырып, балалардың өнерлерін  тамашалаңыздар. Біздің балалар  осы шыршамызға  арнап  тақпақтар  айтады.

Айша:   Жаңа  жыл,жаңа  жыл,

              Жаңа  жылда  жаңа  жыр!

              Жасыл  шырша  жанында,

              Жадырап  бар бала  жүр.

Даниал:  Тамаша, тамаша,

                 Шыршамыз  тұр  жараса,

                 Басында  әсем  жұлдызы,

                 Көз  тоймайды  қараса.

Ханшайым:  Жасыл  желек  жамылған,

                          Асыл  моншақ   тағылған,

                        Міне  сұлу  шыршамыз,

                        Көптен  күтіп  сағынған,

                         Кел  балалар келіңдер,

                        Тамашаны көріңдер.

Бахтияр:  Жаңа  жылым  мол болсын,

                    Басқан  қадам  мол болсын,

                     Төрле,төрле жаңа жыл,

                     Бізге  құтты  жыл болсын     

Алишер:   Аяз  ата  келіп тұр,

                    Бізге  сәлем  беріп тұр.

                   Сақалының  ұзыны-ай,

                   Кесіп  алсам шіркін-ай

Ерасыл: Жылдың әнін бастайын

                 Аяз ата кеп қалды

                 Майысады жас қайың

                 Көтере алмай көп қарды.

Айзере:   Аппақ, аппақ жапалақтап

                 Қар жауады тымбастан.

                 Қалың орман қар жамылған,

                 Маужырайды түнгі аспан.

Алихан:   Ақ қар жапты даланы,

                  Ақ жамылды айнала

                  Жарқыратып шамдарын,

                  Шырша келді ортаға.

Аққала: Ал маған арнап ән айтасыңдар ма?

Жүргізуші: Иә, Аққала саған да арнап ән айтамыз.

Ән: «Аққала»

Аққала: Ал мында не тұр, бұл не екен. Бұл, қар екен ғой. Балалар бұл қармен ойын ойнайық.

Аққала қуанып қар лақтырады. Шыршаның артынан дыбыс естілді.

 Қоян: Ой,ой, ой!

Аққала: Не болды?

Қоян: Мен қоянмын! Мен қорқақпын! Қалың қарға тығыламын. Қасқырдан және түлкіден қорқамын. Бәрінен жасырынып орманға қашамын.

Аққала: Сен қоян бізден қорықпа. Сен қорықпай тыныштал.Біз сені ренжітпейміз. Ең жақын достарыңбыз.

Қоян: Ендеше мен қорықпаймын, сендермен бірге көңіл көтеремін! Ал, қане, балалар! Маған өз билеріңді көрсетіңдерші.

Би: «Шырша» (қыздар билейді)

Қоян: (Тыңдайды) Мен бір дыбыс естіп тұрмын. (Қасқыр шығады.)

Қоян: Ой,ой, ой! Мында үлкен қасқыр келе жатыр. (Қоян қашады, қасқыр қаппен кіреді.)

Қасқыр: Бұл қандай шу?

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қасқыр. Орманнан адасып келдің бе?

Қасқыр: О-о-о-ох! Аштыққа мен қаталмын. Үшінші күн менің қарным аш, менің тамақ ішкім келіп тұр, ешкімді тындамаймын.

Жүргізуші: Сен ырылдағанша балалармен ойнамайсың ба?

Ойын: «Қоян мен қасқыр»

Қасқыр: Менің қабым тағы бос, тағы да аш ұйықтаймын.

Жүргізуші: Қасқыр, сен көңіліңді түсірме, қабыңды ал бізге қонаққа кел, біз саған риза боламыз. Біз  түскі аспен бөлісеміз.

Қасқыр:Мен кәмпитті де жақсы көремін!

Жүргізуші: Ал сен Аяз атадан кәмпит сұра, ол саған міндетті түрде береді.

Қасқыр: Көп-көп рахмет! Мен қуаныштымын. Мен сендерге міндетті түрде қонаққа келемін.

Аққала: Біз көңілді ойнадық, ән айттық, биледік.

Енді бізге кету керек. Сау болыңдар балалар!(Аққала, Қоян, Қасқыр кетеді)

Жүргізуші: Балалар біздің әсем шыршамызға арнап би билейік.

Би: «Поровоз»

Аяз ата: Балалар жарайсыңдар! Сендер ән айттыңдар, би биледіңдер. Осы үшін менен  сыйлық бар.

(Аяз ата жан-жағына қарайды, қабын таба алмайды)

Ақшақар: Аяз ата сыйлықтар қайда?

Аяз ата: Сыйлықтарды орманда жоғалтып алғанмын ғой.

(Ақшақар сыйлықтарды шыршаның артынан барып іздейді, бір кішкентай қап тауып Аяз атаға көрсетеді.)

Ақшақар: Аяз ата бұл қап па?

Аяз ата: Жоқ, менің қабым үлкен.

(есік қағылады, есіктің ар жағынан Аққала мен қоян кіріп келеді)

Аққала: Ештеңе жоғалтқан жоқсыңдар ма?

(Аққала мен қоян қап әкеп береді)

Аяз ата сыйлықтарды  таратады.

Ақшақар: Ата, мен саған көмектесейін.

Аяз ата: Міне балалар біздің кететін уақытымыз келіп қалды. Жаңа жылда жылымыз баршамызға жақсылық әкелсін.

Ақшақар: Сендер үлкен болып өсіңдер, алаңсыз өмір сүріңдер, келесі жылы біз Аяз ата екуіміз сендермен қайтадан кездесеміз.

Сау болыңдар!

 

 

Жаңартылған күні: 25.12.2019 11:59
Құрылған күні: 25.12.2019 12:00

Текст