"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тамаша әлемінде

Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы  өзгерістер  туралы  балалардың  түсініктерін қалыптастыру. Күз  мезгілінің  ерекшеліктері  туралы  сөйлем құрастырып, әңгімелеуге   үйрету.Адамдар  үшін  жемістер  мен  көкөністердің  маңызы  туралы  түсінік  беру.

Дамытушылық: Жапырақтардың  түсінің  өзгеруі,жемістердің   пісуі туралы  және  ой-өрісін  дамыта  отырып,есте  сақтау  мен  тілін дамыту.Адамдардың  күзгі  еңбегі  туралы  түсінік  беру.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді  күтіп-баптауға  және  табиғатқа  қамқорлықпен  қарауға  тәрбиелеу.Адамдардың  күзгі  еңбегі  туралы  түсінік  беру.

Сөздік  жұмыс:Бұтақтар,жеміс-жидек,тұқымдар,табиғат  құбылыстары.

Жеке жұмыс:Балаларға  жемістер  мен көкөністер  айырмашылығы туралы  әңгімелету.

Көрнекі  құралдар:Суреттер,жемістер мен  көкөністер муляждары,жыл ағашы.

Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауапмнемо кесте  суреттері,жұмбақтар шешу,тақпақтар айту.

Тәрбиешінің  іс-әрекеті: Балалармен  шаттық  шеңберіне  дөңгелене  тұрып:

Шаттық  шеңбері: Қуанамын   менде,

                                    Қуанасың  сенде,

                                    Қуанайық  достарым,

                                    Арайлап  атқан  күнге!

                                    Қайырлы  таң  балалар!

                                    Қайырлы  таң қонақтар!

Тәрбиеші : -Балалар  бір  жылда  неше мезгіл бар?  

Балалар:  -Иә,дұрыс.

Тәрбиеші: -Ал балалар қазір қай мезгіл?

Балалар: -Күз мезгілі

Тәрбиеші:Күз  мезгілі  екенін  қайдан  білдіңдер?

-Күз  мезгәілінде  жапырақтар сарғайып, түсе бастайды.Құстар  жылы жақа ұшып кетеді.Жаңбыр  жауады.Адамдар  жылы киінеді.Балалар қараңдаршы  жапырақтар сарғайып  жатыр.Ал сендер көргілерің  келеме?Олар  ағаштан  қалай ұшып  түседі?Кане  жапырақтарды  қолымызға  алып  ұшырып көрейік.

Ал ендеше  балалар сендермен  тыныс алу жаттығуын  жасаймыз.  

Тыныс  алу  жаттығуы:)(балалар  қолдарына  жапырақтарды  алып ұшырады)Жерге  түскен   жапырақтарға  тиіспей  міне  балалар көрдіңдерме  күз  мезгілінде  жапырақтар  жерге түседі.

Балалар тағы  қандай  өзгерістер  болады?

Балалар: Жаңбыр жауады.

Тәрбиеші:Ал ендеше  балалар  сол  жаңбырдың  тамшыларын  жасаймыз.

Саусақ  жаттығулары: Жаңбыр  жауды  тырс-тырс,

                                           Тамшылары тарс-тарс,

                                          Саусақтарымыз қарс-қарс.

                                          Былай-былай  ойнат.

Ал ендеше,балалар  сендермен  сол  күздің  әдемі  белгісі,әдемі  сәні жапырақтарымызбен  жұмыс  жасаймыз.Балалар  барлығымыз  түстерді  білеміз бе?

-Жапырақтар  қызғылт,сары,жасыл  түсте  болады.

Барлығымыз  ұжыммен  мына  қағаздағы   ағашқа  жапырақтарды  жапсырамыз.Балалар жапырақтарды  бір –бірден  алып  ұжыммен ағашқа  жапсырып ,көрсетеміз.

Сергіту   сәті:

Тербеледі   ағаштар,

Алдымнан   жел  еседі,

Кіп-кішкентай  ағаштар,

Үп-үлкен  боп  өседі.

Сабақты   қорытындылау:

                                           

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 27.01.2020 16:02
Құрылған күні: 27.01.2020 16:02

Текст