Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
№5 «Почемучки» тобы
Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова
Күні: 28. 04. 2021 ж.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қазақ тілі
Тақырыбы: Бір шаңырақ астында
Өткізу формасы: Кіріктірілген. Жаңа тәрбие, оқу іс-әрекеті
Мақсаты:
Білімділік: Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Халықтар арасындағы достықты сақтауға үйрету. Мақал- мәтелдер үйрету. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сыйластықпен, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Ассамблея, орыс, өзбек, татар.
Билингвальді компонент: ұлт-нация, достық-дружба, ынтымақ-единство, татулық-дружба
Көрнекілік: интерактивті тақта, тақырыптық суреттер, слайд
Әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі-мысалды әдіс
Қызметтің кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мақсатты түрткі болғыш
|
Туыспыз біз бәріміз, Біз Отанды сүйеміз |
Қуанамын менде! Қуанасың сенде! Қуанаайық достарым! Арайлап атқан күнгеде!
Бірге қайталайды. |
Іздестіру- ұйымдастыру
|
Суретпен жұмыс: Балалар, Қазақстанда жүзден астам ұлт бар. Мысалы: жергілікті ұлт-қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. Әрбір ұлттың өз ана тілі, салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері, тағамдары, ойындары бар. Олар бірлікте, татулықта өмір сүреді. Көпұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Сызба бойынша жұмыс: Мақал- мәтелдер - «Бірлік бар жерде – тірлік бар», - «Ырыс алды-ынтымақ» Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Достық үйін құрамыз. Слайдпен жұмыс: Әр ұлттың өзін тән ойыны бар. Өз ұлтымыздың ойындары: 1) «Тақия тастамақ» 2) «Күш сынасу» 3) «Арқан тартыс» Орыс халқының ойыны 1) «Гуси- лебеди» Ойын: «Шаңырақ» Тақпақ жаттау Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. Сұрақ – жауап: -Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? - Мемлекетік тіл- қай тіл? |
Бірге жаттығу орындайды
Тыңдайды
Ойынды қызыға ойнайды
Зер салады Бірге қайталайды
Сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап айтады. |
Рефлексті- дәлелдеу
|
Сабақтан алған әсерлерін сұраймын. Қорытындылаймын |
Жылы тілектер айта отырып қоштасады. -Аман болайық! -Дос болайық! |
Күтілетін нәтиже:
Білім: тақырыппен танысты
Білік: көпұлтты мемлекет туралы көп мәлімет алды
Дағды: өлеңнен түсінгендерін айтуға дағдыланды