"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Президент жолдауы- 2020. 01.09

ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ

I. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ

Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Президентке тікелей есеп бере отырып, cтратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылданды.

Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және, ең бастысы, барлық мемлекеттік органдар үшін орындауға міндетті болуға тиіс.

 

II. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағдары басты жеті қағидатқа негізделуі керек:

Игіліктер мен міндеттердің әділ бөлінісі.

Жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі.

 Әділ бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарық ашу. 

 Өнімділікті көбейту, экономиканың ауқымдылығын және технологиялық сипатын арттыру. 

 Адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тарту.

 «Жасыл» экономиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау. 

Мемлекет тарапынан дәйекті шешімдер қабылдау және сол үшін қоғам алдында жауапты болу.

 

 III. ТЕҢГЕРІМДІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ

Елімізді аумақтық және кеңістік тұрғысынан дамыту тәсілдерін түбегейлі өзгерту керек.

 Өңірлеріміз арасында экономикалық және өндірістік бағыты, тұрмыс деңгейі, мемлекеттік қызмет сапасы жағынан айырмашылықтар бар. Сондықтан аумақтық даму жолында әр өңірдің бәсекелі артықшылығын ескеру қажет. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймағының өнеркәсіптік әлеуетін барынша пайдалану керек.

 

IV. АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚ

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты.

Нарық жағдайында тұрғын үйдің қол жетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шешу алу қабілетіне орай жүзеге асады. 

 

 

 

 

 

 

 

Менің тапсырмам бойынша ел тұрғындарының зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мәселесі пысықталды.

Отбасылық-демографиялық ахуал – зор алаңдаушылық тудырып отырған мәселе.  

Өкінішке қарай, Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай отыр.

Үкіметке еліміздің Әлеуметтік кодексін әзірлеу жұмысын бастауды тапсырамын.

 

V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ

Біз балалардың мектепке дейінгі жан-жақты даму мәселесін шешуіміз керек. 2025 жылға қарай 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамтамасыз етуді міндеттеймін.

         Бұл түйткіл мемлекеттік балабақша салумен ғана шешілмейді. Осы іске жеке бизнесті тартып, қолдаудың жаңа түрлерін, соның ішінде қаржыландырудың ваучерлік тәсілін ойластыру қажет.

         Азаматтардың сауаттылығы мен цифрлық біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет.

         Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет.

«Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді.

 

VI. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ

Дәрігер мамандығын материалдық тұрғыдан да  нығайта түсу маңызды болып отыр. Бюджетті таяудағы нақтылау кезінде екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.

 

VII. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘРКЕЛКІЛІКТІ ҚОРҒАУ

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе.

Қазақстанның ұлттық саябақтары мен басқа да табиғат байлықтарын заңдық және нормативтік тұрғыдан қорғап, бұл салада құқық бұзған азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапқа тарту тәртібін қатайту керек.

Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет. Ел ішіндегі экологиялық туризм мәдениетін белсенді дамыту – маңызды міндетіміз.

Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп, «Жануарларды қорғау туралы» заң жобасын әзірлеуі қажет. Жануарларға көзқарас – кез-келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі. Ал бұл жағынан біздің жағдайымыз мәз емес.

 

 

 

VIII. ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

Еліміздегі бүгінгі ахуалға орай азаматтардың сұраныстарына ықылас танытуға тиіс құқық қорғау органдарының алдына жаңа талаптар қойылуда.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн.

Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді.

Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек. Атап айтқанда, Бала құқы жөніндегі конвенцияның хабарлау рәсіміне қатысты факультативтік хаттамасына қосылу қажет.

 

IX. ЦИФРЛАНДЫРУ – БАРЛЫҚ РЕФОРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ

Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы.

Халыққа электронды сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету ісінде де, бизнесте де биометрияны кеңінен пайдаланған жөн.

 

Х. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ҚАТЫСУЫ

 Мәслихаттар өкілді орган ретінде өңір қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға жауапты.

Мәслихаттардың тексеру комиссияларын да күшейткен жөн.

Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның  барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс. 

Ел азаматтарының мүддесін қорғау жөніндегі маңызды миссияны бұрынғыдай саяси партиялар атқара береді.

 

Жаңартылған күні: 11.09.2020 10:46
Құрылған күні: 11.09.2020 10:46

Текст