"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық ойындар

                             

Тәрбиешілер: Кучумова З.Г., Хумашхан А.А.

                                                                                                Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ашқымыз келіп отыр
Ойын: «Қыз қуу»

Қыз қуу – сақ дәуірінен келе жатқан ежелгі ойын. Ойын ережесі бойынша, бойжеткен атқа мініп жігіттен қашуы керек. Бозбала қызды қуып жетіп, бетінен сүюі тиіс. Жігіт қызға жете алмаса, бойжеткен оны қамшымен сабайды.
Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Адия:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Санжар Жанабаев:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Али:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Медина:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Арсен:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін

Ойын: «Асық ату»

Мақсаты: Асық ойнынымен танысып, ережелерін сақтап, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.

Тәрбиеші: Балалар енді тақпаққа кезек берейік

Айсана:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Рамазан:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Даулет:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын

Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Ойын: Ақ сүйек

Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны. Жігіттер мен қыздар жиналып, айлы түнінде ашық далада ойнайды. Ойынға малдың ақсөңкелеп қураған жілігі немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Кейін ойын бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса, өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңімпаз болып саналады. Ойын шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Саруар:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Абай:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Али:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Аиза:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Ойын: «Арқан шарту»

Келесі сайысымыз - «Арқан тартыс». Ойын ережесі мынадай: Ұзындығы 8 - 10м жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасына орамал немесе шүберек байланып, белгі жасалды. Арқанның екі жақ шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойнаушылар қос қолдап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша жігіттер арқанды өз жақтарына қарай тарта бастайды. Екі жақтың қай жағы орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізіп алса, сол жағы жеңді деп есептеледі.

Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Жаңартылған күні: 18.03.2021 10:56
Құрылған күні: 18.03.2021 10:56

Текст