"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық оқиғалар


         Жаңа жыл - ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы түрленулер мен шытырман оқиғаларды біздің балалар сияқты ешкім шын жүректен күтпейді. Сондықтан біздің балабақшаның Жаңа жылдық кештерге деген көзқарасы ерекше. Біздің мақсат: мерекелік атмосфера құру, балаларға қуаныш сыйлау, әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың шығармашылығын ашу.

Мақсаты:

- эмоционалды жауап беру қабілетін дамыту.

- Орындауға қатысу: би, ойнау, ән айту.

- Мерекеде өзін-өзі ұстай білуге, ләззат алуға және басқаларға қуаныш сыйлауға тәрбиелеу.

         Бүгін біздің балабақшада №3 топта «Ғажайыптар елі» - «Аққала Жаңа жылды қалай құтқарды», №2 «Ақулар» - «Көш келдің, ғажайып Жаңа жыл!», №1 «Көжектер» - «Төрлет, төрлет Жаңа жыл!», жаңа жылдық кештер музыкалық жетекші мен тәрбиешілердің басшылығымен өтті.

         Мереке қарсанында балалар  әдемі, көңілді келді. Олардың үміті ақталды. Жаңа жылдық қойылымға қатысқан тәрбиешілер, балалар, тәрбиешінің көмекшілері өздерінің барлық шығармашылық шеберліктерін, ынта-ықыластары мен ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете отырып, өздерін жақсы әртіс ретінде көрсетті.

Олар әр түрлі кейіпкерлердің кейпіне еніп:бұзақы Леший, айлакер Түлкі,момын Аққала, ақкөңіл Ақшақар, жомарт Аяз Ата. Мереке басталғаннан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды сиқырлы әлемге апарды.

            Балалар   мерекелік атмосферасына түсіп, қызықты конкурстарға қатыса алды.  Аяз Атаның келуімен нағыз мереке ән мен биден басталды. Қойылымнан кейін балалар Аяз ата мен Ақшақарға өлеңдер оқып, кейіпкерлермен суретке түсіп, жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

            Осылайша, алға қойылған мақсат орындалды.

           Тапсырмалар ойынның технологияларын қолдана отырып, балалардың әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылды: музыкалық; ойын;   коммуникативті.

            Барлық ертеңгіліктер әр түрлі жас топтарын ескере отырып, балалардың жеке тәжірибесі негізінде өткізілді.

Жаңа жылдық қойылымдар кезінде мерекенің атмосферасы, сиқырлы жағдай, Балалардың жағымды эмоционалдық көңіл-күйі сезілді.

 

 

Жаңартылған күні: 25.12.2020 13:07
Құрылған күні: 25.12.2020 13:07

Текст