"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Мой первый Президент

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

( №4 «Страна чудес» ересек тобы )

Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова

Күні: 26 11. 2019 ж.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тарау:« Қазақ тілі»

Тақырыбы:   "Менің тұңғыш Президентім"

Мақсаты:

  • Білімділік:  Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту
  • Дамытушылық: . Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым- қатынас дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелеу:    Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент :  Елбасы- президент, Отан- Родина, Тәуелсіз мемлекет- Независимое государство

Жабдықтар: Тақырыптық суреттер, слайд, музыка, елбасы портреті

 

Қызметтің кезеңдері

 

Мұғалімнің іс - әрекеті

          Балалардың

   іс - әрекеті

 

Мақсатты түрткі болғыш

 

 Музыка ойнап тұрады, балалар шеңберге тұрып, амандасады.

Шаттық шеңбер

Әнұран ойнайды.

 

 Қуанамын менде!

Қуанасың сенде!

Қуанаайық достарым!

Арайлап атқан күнгеде!

Балалар тұрады, айтады

Іздестіру- ұйымдастыру

 

Сурет бойынша жұмыс

 - Балалар бүгінгі біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз. Тақтаға қараңдаршы мына суретте кім бейнеленген?

 Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Қонаққа ата келеді.

Ата:-елбасымызға арнаған тақпақтарыңызды айтып беріңіздерші

Сергіту сәті:  Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.

Слайд бойынша жұмыс:  Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең  ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.   Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебіні бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау  қаласында темір балқытушы болып бастаған. 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын,1976 жылы партия мектебін бітірген 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақсатан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде  «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

 Сұрақтар: - Балалар сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы біздің елімізді басқарады. Біздің президентің жұмыс орны қайда кім біледі балалар айтыңдаршы?

  •  Дұрыс! Астанада тағыда не бар?
  •  Дұрыс Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
  •  Ал бұл суреттер нені білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Ойын: «Шаңырақ»

 

 

Сұрақтарға жауап айтады. Нұрсұлтан Назарбаев

Ол біздің президентіміз

 

 

Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.

 

Тәуелсіздік елге сыйлады
Бейбітшілікті қолдайды
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине Елбасының арқасы

 

 

 

 

Тыңдайды

 

 

  • Астанада
  • Ақорда
  • Астанада Бәйтерек бар!

 олар: ту, әнұран және елтаңба.

  • Көк

 

 

 Қызыға ойнайды

 

Рефлексті-  дәлелдеу 

 

 Қорытынды:  Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.

Қоштасу

 

 Жылы тілектер айта отырып қоштасады.

-Аман болайық!

-Дос болайық!

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Елбасы, елорда, ҚР рәміздерін, оларға сипаттама беруді, аңық сөйлеуді.

Істей білуі керек: Негізгі сұрақтарға жауап беруді, ойларын толық жеткізе білуді.

Болуы керек: патриоттық сезім.

 

 

 

 


Текст