18.12.2024 жылы "Ертөстік" балабақшасының базасында терроризм актісін жасау қатерлеріне алғашқы ден қою дағдыларын қалыптастыру мақсатында терроризмге қарсы қауіпсіздік негіздері бойынша оқу профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
@Aqmola_antiterror басшысы Б.Б. Зикенов білім беру саласындағы қызметті, Террористік қауіптердің түрлері мен бағыттарын, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың жалпы сипаттамасы мен негізгі түрлерін, оларды анықтау тәсілдерін жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың негізгі талаптарын жеткізді.
Іс-қимыл алгоритмдерін бірлесіп талқылау, төтенше жағдайларда сауатты және ұтымды мінез-құлық дағдыларын пысықтау тыңдаушылардың барынша тартылуын қамтамасыз етуге және алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді.
Оқу аяқталғаннан кейін балабақша қызметкерлері терроризмге қарсы қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер көлемінде қажетті дағдыларды меңгергендіктерін көрсетті.