19.03.2019
Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің нышаны. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Ұлы Наурыз өзінің мерекелік «шаңырағымен» біздің еліміздің барлық көп ұлтты адамдарын біріктіреді!
№3 «Ертөстік» балабақшасында Наурыз мейрамына арналған фестиваль өтті. Барлық балалар, тәрбиешілер мерекеге белсене қатысқан. Балалардың орындаған әндері көтеріңкі көңіл, шаттық, керемет ұмытылмас әсер қалдырды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын ағайын!