№3 «Ертөстік» бала бақшасы МКҚК
2017 - 2018 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні бойынша өтілген іс - шараларға жасалған есеп
№3 «Ертөстік» бала бақшасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс –
шаралардың жоспары құрылды. Бұл іс - шаралар бойынша балаларды Отансүйгіштікке баулу, еліне, жеріне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметтеуге тәрбиелеу, егемендігімізге мақтану.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мерекесі. Бұл күнді еліміз әр жыл сайын 16 желтоқсан күні атап өтеді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы
Кеңесі Республиканң тәуелсіздігі мен егемендігі туралы заңды қабылдады.
Іс- шараның мақсаты — отанға деген патриоттық сезімін, азаматтық борышын, болашаққа деген
жауапкершілікті жетілдіру. Бұл іс- шараға барлық топ тәрбиеленушілері , тәрбиешілер, мұғалімдер қатысты.
Желтоқсанның 11- нен бастап мерекелік іс- шаралар өткізілді.
Желтоқсанның 13 «Алдар Көседе қонақта » атты ойын бағдарламасы өтті. Ойын бағдарламасы екі
тілде өткізілді. Ұлттық ойындар, тақпақтар, әндер айтылып, мереке өте қызықты өтті. Алдар Көсе, Мыстан кемпір кейіпкерлерін тәрбиешілер Е.А. Москаленко, Е.В.Голдина мүлтіксіз ойнап, балалардың көңілдеріннен шықты.
Бұл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар үлкен, әсем шара болып шықты. Меңгеруші мерекеге орай салтанатты жиын өткізіп, қызметкерлерді құттықтады.