"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің  жанындағы   Көкшетау қаласының "Ертөстік" балабақшасы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное  казенное предприятие "Детский сад "Ертөстік" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.05.2017

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

 ересек тобы

Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова

Күні: 03. 05. 2017 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Тарау:« Қазақ тілі»

Тақырып: «Ұлы жеңіс жасасын»

Мақсаты.

·       Білімділік.   Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.      

·       Дамутышылық. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін

дамыту.      

·       Тәрбиелік.  Оларға патриоттық тәрбие беру.  Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Жабдықтар. Слайд «Менің Отаным- Қазақстан»,  тақырыптық суреттер, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар,

батырлар суреттері.

Сөздік жұмысы. Отан, менің, туған,  жеңіс күні, 9- мамыр

Билингвалды компонент: Отан- Родина, менің- моя (-е,-й), туған- родной,  жеңіс- победа, 9 мамыр- 9 мая

Қызметтің кезеңдері  

 

Мұғалімнің іс - әрекеті

             Балалардың

іс - әрекеті

 

Мақсатты

түрткі болғыш

 

 

 Күй ойнайды, балалар залға кіреді.

Шаттық шеңбер

 -Қалдарың қалай?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- көктем айларын ата?

-Көктемде не ериді?

- Ең бірініші көктем гүлі қалай аталады? 

- Нелер ұшып келеді?

Балалар шеңберге тұрып, мұғаліммен бірге қайталайды.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

                                          

-Жақсы,тамаша, керемет!

Балалар сұрақтарға жауап айтады.

Іздестіру- ұйымдастыру

 

 

Әңгіме:

Иә, сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды,бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті.

Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Гимн орындалады

Суретпен жұмыс: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова,

Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.

Сергіту сәті:

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын,жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!

«Катюша» әні тыңдалады

Слайд- видео

    

Әңгімені тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гимнді орындайды

 

Батырлармен танысады

 

 

 

Қимылды жасай отыра, сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

Әнді тыңдайды

 

Рефлексті

- дәлелдеу  

 

Қорытынды:   Белсенді 

қатысқан балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.

Қоштасу

 Жылы тілектер айта отырып қоштасады.

Осымен сабағымызды  жылы лебіздермен аяқтайық.

-Аспан ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

Музыка әуенімен балалар

кетеді

 

Күтілетін нәтиже:

·       Нені біледі  : Өткен тақырыптар бойынша, Отан туралы сөйлем, сөз тіркестерінқұрастыра алады, тақпақтар, мақал-мәтелдер, сергіту сәттерін біледі.

·       Қандай түсініктерді игерді:   Сұрақтардытүсініп, дұрыс жауап бере алады. 

·       Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:  Отанға деген патриоттық сезімдері артты.

Просмотров: 219

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст