Оқу қызметін
ұйымдастырудың технологиялық картасы
(«Страна чудес» ересек тобы)
Қазақ тілі мұғалімі: А.Т.Абдульманова
Білім беру саласы: Коммуникация
Тарау: Қазақ тілі
Тақырып: «Менің бай өлкем»
Мақсаты: Балаларды туған өлкеміздің байлығымен таныстыру.
Білімділік: Қазақстанның байлықтары туралы бейне материалды көрсете отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал- мәтел, тақпақтарға деген қызығушылығын арттырып, өй- өрісін, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің байлығын
мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: Отан-Родина, туған өлке- родной край, бай- богатый, ел- страна, жер- земля,үлкен- большой, макта-вата, күріш- рис, алтын- золото, көмір- уголь
Сөздік жұмысы: геометрическая фигура.
Алдын-ала жұмыс: Слайд бойынша «Отан», «Туған өлке» туралы әңгімелеу
Жабдықтар: Қазақстанның байлықтары туралы бейне материал, Қазақстан картасы,
тақырыптық суреттер, слайд, суретті мақал- мәтелдер, сызбалар, жұлдызшалар.
Қызметтің кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті |
Мақсатты түрткі Болғыш |
Шаттық шеңбері:
- Балалар,мына күннің шуақтары жоқ екен, сендер маған күннің шуақтарын табуға көмектесесіңдер ме? Олай болса, тапсырмаларды орындау қажет.Әр дұрыс жауапқа күн шуағы ілінеді.
- Сонымен Отан деген не? Тақпақ: Отан деген атамекен. Отан деген туған жер. Отан- ана, отан үлкен, Қазақстан- туған жер. |
Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Шаттық шеңбері: Ауадан қуат алайық, Алақанға салайық. Жерден нәр алайық, Алақанға салайық. Күннен шуақ алайық, Алақанға салайық. Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.
Балалар хормен айтады. |
Іздестіру-ұйымдастыру |
Ұйымдастыру кезеңі: 1- тапсырма: Слайд бойынша Қазақстан туралы әңгімелеу. - Біздің Отанымыз? - Елбасы кім? - Елорда қай қала? - Астана қандай қала? Мұғалім: -Дұрыс күннің бір шуағын таптық.
2-тапсырма: Қазақстан рәміздері туралы - Қазақстан рәміздерін ата. - Тудың түсі қандай? - Туда не бейнеленген? - Елтаңбада не бейнеленген? - Мемлекеттік тіл қай тіл? - Рәміздер туралы кім тақпақ біледі? Сергіту сәті: Дөңгеленіп тұрамыз, Уықтарды құрамыз Айналамыз , айналамыз, Киіз үйді құрамыз.
3- тапсырма: мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айту.
Ойын: «Шаңырақ» Тақпақ: Менің елім Қазақстан Өзен де бар, көл де бар, 4- тапсырма: Сурет бойынша Қазақстанның табиғаты туралы әңгімелеу. Мәтін:Қазақстанның көптеген қалалары бар.Олар: Астана, Көкшетау, Алматы, Атырау,Ақтау, Қарағанды, Шымкент т.б. Табиғаты өте әдемі. Өзен, көллдер, таулар, ормандар бар. Алуан түрлі аңдар, құстар мекендейді. Табиғи қазбалар бар. Бай өлке. 5-тапсырма: Балаларға көмір, бидай, алма, мұнай,күріш, мақта суреттерін картадағы қалалардың тұстарына орналастыру. Шымкентте-мақта, Қызылордада-күріш, Ақтауда-мұнай, Қарағандыда-көмір, Көкшетауда-бидай, Алматыда- алма. 6- тапсырма - Қазақстан қалаларын атаңдар ? - Астана , Алматы , Көкшетау , Қарағанды , Семей ,Өскемен , Ақтау , Атырау,Орал т.б - Мыс , жез , түсті металдар шығатын қаланы ата? Сергіту сәті : балалар , енді бойымызды сергітіп алайық. « қатты ,сұйық газ тектес » ойынның шарты : мен « қатты » дегенде шеңбер жасап тұрамыз , « сұйық » дегенде ағып жатқан өзен сияқты қимыл – қозғалыс жасаймыз , « газ , тектес » дегенде жан –жаққа қашамыз |
Балалар слайд бойынша сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап береді.
Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелейді.
Қызыға қимылды жасайды.
Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айтады.
Ойынды қызыға ойнайды. Балалар хормен, жеке өлеңді мәнерлеп айтады.
Суретке назар аударып, тыңдайды.
Хормен қайталайды.
Сұрақтарға белсенді жауап айтады.
Сергіту сәтін қызыға жасайды. |
Рефлексті-дәлелдеу |
- Қазақстан несімен бай? - Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? Қорытынды: Белсенді қатысқан балалардың еңбектерін бағалап, жұлдызша беру |
Бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді . |
Күтілетін нәтіже:
Нені біледі: Қазақстанның байлықтарын.
Қандайтүсініктерді игерді: байлықты қадірлей , қорғай білуді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз туған жерінің байлығы туралы әңгімелей , сөйлем құрастыра білуі.